03
ноябрь
2021
"Болашақ мектебі" тақырыбында КВН ойындары өткізілді
Қазан айының 28 жұлдызында Жамбыл атындағы гимназияда «Болашақ мектебі» тақырыбында 8-11сынып оқушылары және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен біріге отырып, команда құралып, КВН өткізілді.Барлық оқушылар белсене ат салысты. Белгіленген сыныптардан 7 команда құрамы құралды.
Жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу,сахна мәдениеті мен шеберліктерін баулу,ауызбіршіліктерін дамыту мақсатында 8-11сынып оқушылары және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен біріге отырып КВН ұйымдастырылды.
Әділ-қазы алқасының төрайымына «Шу-чу» командасының капитаны-Мақсат Шәймерденов арнайы қонаққа шақырылды.



