Профилактика пиротехнических фейрверков » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Профилактика пиротехнических фейрверков
30
декабрь
2020

Профилактика пиротехнических фейрверков

Шу қаласы Жамбыл атындағы гимназия әкімшілігі ата-аналар мен оқушыларына чат арқылы "Отшашуды пайдаланудың қауіпсіздігі"бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық отшашуды пайдалану жиілей түседі. Сондықтан оны қолдану кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптарымен таныстырамыз.
Төтенше жағдайлар департаменті отшашу кезінде болатын төтенше жағдайлардан сақтану шаралары.
Қауіпсіздік талаптары:
Пиротехниканы дауылды, желді ауа райында қолдануға тыйым салынады;
Кәмелетке толмаған азаматтар отшашуды тек ересектермен бірге тұтатып, тамашалауы қажет;
Тамашалайтын адамдар қауіпті аймақтан алыста, шамамен 30-50 метр қашықтықта тұруы қажет;
Пиротехниканы ұруға, оттың жалынына қол тосуға болмайды;
Пиротехниканы шылым шегіп тұрып қолдануға тыйым салынады;
Пиротехниканы алкогольді мас күйде тұтатуға болмайды;
Егер отшашу бірден тұтанбаса, оған бірден жақындауға болмайды. Кемінде бір минут күту қажет (тұтанбай қалған отшашуды қайта жағуға болмайды);
Отшашуларды салқын әрі құрғақ жерде сақтау керек (ылғалданып қалған жағдайда оны фен не басқа да жылыту құрылғыларымен құрғатуға тыйым салынады).