"Birge taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында эко-челленджі » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Birge taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында эко-челленджі
12
март
2021

"Birge taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында эко-челленджі

     Шу ауданы білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы гимназияның базасында "Birge taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында эко-челлендж өз жалғасын тауып 12 наурыз күні өтті.  Семинардың мақсаты: ұстаздардың  шығармашылық  әлеуетін, олардың экология мәселелеріндегі құзыреттілігін дамыту, кәсіби шеберлігін арттыру,  педагогтар арасында тығыз ынтымақтастық орнату. 
     Семинар бағдарламасы «Жаратылыстану пәндері» бірлестігі мүшелерімен дайындалып, экологиялық білім беру мәселелерін шешуде қолданылатын шығармашылық жұмыстың әртүрлі формаларын көрсету міндеттері анықталды. Семинар барысында ақпараттық сессия, ғылыми жұмыс, тренинг, коучинг, біріктірілген сабақ, экологиялық ойын өткізілді. Оның ішінде «Экологиялық білім берудің маңызы» ақпараттық сессиясында, Жамбыл атындағы гимназия директоры  Э.Ш.Ахметова оқушылардың  шығармашылық және танымдық қызығушылығын дамытудағы экологияның рөлін анықтады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры , г.ғ.д.  О.Б.Мазбаев «Школыде туристік - өлкетанушылық экологиялық  іс-шараларды өткізу формалары» лекциясында туристік өлкетанушылық  іс -әрекеттердің педагогикалық мәнін сипаттап өтті. Ғылыми жобаларды жоспарлау және оқушылармен жұмыс, барысында 8 «А» сынып оқушысы, жетекшісі А.А. Примкулова «Шу қаласының экологиялық проблемалары және оның шешу жолдары» , 7 «Б» сынып оқушысы, жетекшісі Б.Б. Кемелбай «Еліміздің  экологиялық мәселелері және оны шешудің жолдары» ғылыми-жұмыстар қорғалып, ұсыныстар мен шешімдер қарастырылды. Семинар бағдарламасы арқылы  Г.К.Мукашева «Топ тұтастығы – бірлік бастауы» психологиялық тренингі жүргізіліп, ары қарай семинар қатысушылары дәліздегі «Экология және біз»  атты экокөрмені тамашалады. Көрмедегі  көрнекіліктерді Т.В.Ревенко, Г.У Аманбекова., Р.Т Абдигалиев., А.С. Абенова көрсетіп, түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу, өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану арқылы аудитория алдында дайын болған өз жұмыстарын таныстырды.
    Кейін педагогтер 4 топқа бөлініп, биология пәнінің мұғалімі М.А. Барибаеваның «Ғаламдық экологиялық проблемалар»  сынып сағатына, химия пәнінің  мұғалімі - Г.А. Сарсебекова мен  физика пәнінің мұғалімі - А.А. Сүттібайдың «Экологиялық радиациялық ластануы» біріктірілен сабағына, химия пәнінің мұғалімі - Н.П. Назымко мен биология пәнінің мұғалімі Н.П. Зинченконың 9-11 сынып оқушыларымен жүргізілген «Экологическая  игра»  ойынына, география  пәнінің мұғалімі - Н.Ж. Қадырдың « Экологиялық  сауаттылық» коучингіне қатысып, кері байланыс алынды. Семинар концерттік бағдарламамен  жалғасын тапты. Сонымен қатар мектеп оқушылары әртүрлі заттардан тігілген киімдерімен сән көрсетті. Семинар жұмысын қорытындылау кезеңінде мұғалімдер сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.