20
сентябрь
2019
Отбасы - бақыт мекен 2019
Қыркүйек айында «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді,отбасы туралы ұғымдарды кеңейту,оны сүйе білуге,отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету мақсатында денсаулық және отбасы күніне орай 1-4 сынып аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 5 команда қатысты. Құрамы әкесі,анасы және баласы. Сайысымызды гимназия директоры Ахметова Эльмира Шакировна ата-аналарға ізгі тілегін білдірді.
Технология пәні мұғалімі Абдыгалиев Рахат Темірұлы, вокал үйірмесінің жетекшісі Жашкеева Лайла Болатбековна,Бейіналды оқыту ісі жөніндегі орынбасары Шаймаш Азамат Айдарұлы және ата-ана комитеті Жакупова Нұргүл Асылбековна әділқазы алқалары болып сайланды. Спорттық сайыс 5 бөлімнен тұрды. Әр сыныптан 1 командадан қатысып, әр сыныптың өз қолдаушылары келді. Ата-аналар мен оқушылар өздерінің лозунгтарын және әр түрлі плакаттарын дайындап,өз командаларына ұйымшылдықпен өз қолдауларын көрсетті. «Жас Қыран» ұйымыда ата-аналармен келіп, әр командаға қолдау көрсетті.





"Адреналин" командасы

"Болашақ" командасы

"Бірлік" командасы

"Сұңқар" командасы

"Достық" командасы



















