Тіл мерекесі 2019 » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
27
сентябрь
2019

Тіл мерекесі 2019

«Жамбыл атындағы гимназия» КММ
«Тіл-халықтар достығының кепілі» атты тіл мерекесінің
Мәліметі


5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді. 02.09.2019 күні «Тіл –халықтар достығының кепілі» атты мерекелік апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар авторлық өлеңдерін оқып, тіл тазалығына байланысты көріністер көрсетіп, орта буын оқушылары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен таныстырды.
Іс-шара жоспарына сәйкес 02-06.09.2019 аралығында «Латын әліпбиінің негізін қалаушы», «Тілге құрмет, елге құрмет» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.
Осы мерекеге орай «Жас Ұлан »ұйымының мүшелері ақындардың қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Рыскелдиева Анель тіл туралы шығарған өз шығармаларында тарту етті.Барлық сыныптар тіл мерекесіне орай қабырға газеттерін шығарды.

Тіл мерекесі 2019

Тіл мерекесі 2019

Тіл мерекесі 2019

Тіл мерекесі 2019

Тіл мерекесі 2019

Тіл мерекесі 2019

Тіл мерекесі 2019

Тіл мерекесі 2019


Гимназия аға тәлімгері: А.Б.Алкеева