Сыбайлас жемқорлықпен күрес » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Zhambyl region
Municipal public institution
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес
29
October
2020

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2020-2021 жылдың   жоспарына сәйкес, Жамбыл атындағы гимназияның 8 «А» сынып жетекшісі Примкулова Айгерим Абайдулаевна 8 «А» сыныбының оқушыларымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында онлайн форматында тәрбие сағатын жүигізді.
Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, оқушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
     Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. 
      Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындағы тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы керек. Тәрбие 
отбасынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Сондықтан, әрбір отбасындағы ата-аналар осы мәселеге аса үлкен мән бергені абзал.