16
December
2020
Жас ұлан 2020
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай аға тәлімгер А.Р. Сауранбаева ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!" атты Республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау іс- шарасы өткізілді. Жиын барысында қабылданған оқушыларымыз ант беріп, өз елінің нағыз патриоты болуға уәде етті. Ұйым қатарына қосылған жасұландықтарды директордың оқу ісі - жөніндегі орынбасары Н.А. Сагымбекова құттықтады.











