14
февраль
2021
Мероприятие, посвященное Дню вывода войск из Афганистана
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасының Municipal public institution Жамбыл атындағы гимназияда Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған " Ардагерлер –асыл ерлер!" атты кездесу болып өтті. Аталған іс-шараға ауған соғысының ардагері Карбеков Оразбек Аманхулович, «Әкелер кеңесінің» мүшелері Тәжиев Қаби Әбжанович пен Калнышев Владислав Анатольевич
шақырылды.
Іс-шара барысында ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, гимназия түлегі Волошенко Алексей Дмитриевичке арналған бұрышқа "Жас ұландықтар» гүл шоғын қойды. Келген қонақтарға «Жас ұландықтар» сұрақтар қойса, қонақтарымыз отты жылдардағы қиындықтары мен жасаған ерліктері және Mayдандастары туралы естеліктерімен бөлісті. Аталған іс-шарада жастарға туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге, достық пен адамгершілік қасиеттерін оятып, патриоттық тәрбие берумен қатар ардагерлерге деген құрмет те арта түсті.
Іс-шара соңында келген қонақтарға Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Жамбыл Жабаевтың кітаптары естелікке берілді.











