27
September
2019
Алтын күз 2019
Қыркүйек айының 20 жұлдызында Жамбыл атындағы гимназияда 1-4 сыныптар арасында «Алтын күз» атты күздік жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды еңбекке, ұйымшылдыққа, бастамашылыққа, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу болды. Жәрмеңкені директордың тәрбие іс-жөніндегі орынбасары Г.М. Джуманбаева сыныптарға сәттілік тіледі. Атаулы іс-шарадан ата-аналар да тыс қалмады. Өз тараптарынан демеушілік жасап, ақыл-кеңес беріп, жәрмеңкенің жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етті. Оқушылардың еңбектерімен жасалған тағам түрлері, жеміс-жидектер мен сан-алуан қол өнер бұйымдары да сатылымнан өз орындарын тапты.Әр сынып, сынып жетекшілерімен бірігіп,өз өнерлерін ортаға салып,күздік сән үлгілерін көрсетіп,әр түрлі күздік билерін де ортаға салды.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады демекші, жәрмеңке соңында оқушылар ұйымдастырылған іс-шарадан үлкен әсер алғандарын білдіріп жатты. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.ТІЖ орынбасары: Г.М.Джуманбаева
Гимназия аға тәлімгері: А.Б.Алкеева



















