Семинар кретириалды бағалау ережелеріне арналған
«Критериалды бағалаудың қағидаттары»
02.11.2018 жылы Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критиралды бағалау бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Жамбыл атындағы гимназияда мектепішілік семинар өтті.Гимназия директоры Ахметова Э.Ш. семинардың мақсат міндеттерімен таныстырып, Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш-білімді ұрпақ сондықтанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасаттардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қойMay, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар- шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайтыны, және осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау керек екені туралы айтып өтті. Семинар барысында директордың оқу ісі жөнінідегі орынбасары Камысбаева А.Б «Критериалды бағалаудың қағидаттары» тақырыпта баяндама оқып, тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар семинарда, биология пәнінің мұғалімі Л.Ж.Талдыбаева «Значение критериального оценивание на уроках». Бастауыш сынып мұғалімі Тұрсынова Г.О. «Ықшам сабақ» , химия пәнінің мұғалімі Сарсебекова Г.А. «Кретиралды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау» тақырыптарында коучинг өткізілді. Тәрбиелік іс-шараның үлкенге де кішігеде әсері мол болды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Джумагазиева З.









