«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
06
октябрь
2020

«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» ОНЛАЙН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша  департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Парасатты отбасы» онлайн байқауын өткізеді. 
Облыстық байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен білімгерлер өз жанұясымен, сондай-ақ, байқауға облыстағы әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды жариялауы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары бейнеролик дайындап, әлеуметтік желілерге «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисін белгілеп #Жамбыладалдықалаңы хэштегімен орналастыруы шарт. 
Байқауға қатысу туралы өтінім 2020 жылғы 14 қазанына дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, Тараз қаласы, Бектұрғанов к-сі 6, тел.8 (7262) 43-74-61, raikulova.jazira@mail.ru және aliya_kulenova@mail.ru, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  sulujan_02@mail.ru.
Байқау облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылады

Похожие публикации:

12 ноябрь 2019 Адал Ұрпақ
11 апрель 2019 Адалдық алаңы