14
январь
2020
Жаңа жыл 2020
2019 жылдың 25-27 желтоқсан аралығында Жамбыл атындағы гимназияда жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Мерекеге мектеп алды даярлық тобы мен 34 сынып қатысты. Жаңа жыл мерекесі мектебіміздің АКТ залында өткізілді. Әр сынып ұйымшылдықпен мерекені ұйымдастырып, әсем киімдерін, әр түрлі кейіпкерлердің киімдерін киіп келіп жаңа жылды гүлдендіріп жіберді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Аяз ата мен Ақшақар және ертегілер елінің кейіпкерлері Мыстан кемпір, Орман перісі, Фея, Малефисента, Гном, Аққала, Клоун, Жасмин, Джин, Фиксики блып киініп мектепшілік жаңа жыл мерекелеріне қатысты. Барлық оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Әсем әндерін айтты. Көңілді билерін және де флешмобтарын биледі. Жоғары сынып оқушыларына мереке маскарад ретінде өтіліп әр сынып мерекелік бағдарлама дайындап келіп жаңа жыл мерекесің көнілді өткізді.








Орындаған аға тәлімгер: Көпбосынова А.М.








Орындаған аға тәлімгер: Көпбосынова А.М.