15
февраль
2019
«Қамқорлық» акциясы туралы мәлімет
2018–2019 оқу жылының 10.01 – 10.02 аралығында «Қамқорлық» айлығы жарияланды. Қаңтар айының -аптасында мектеп жасындағы балалардың желтоқсан есебі және 0-18 жас аралығындағы балалардың есебін қабылдау аудандық білім басқармасына өткізілді. Оқушылардың күнделікті сабаққа келгенін сынып жетекшілер мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джуманбаева Г.М. үнемі бақылауға алып отырды. Айлық барысында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себеппен мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында штаб құрылып, айлықтың іс – шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектептегі отбасы жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар тізімі алынды. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы қадағаланып отырды. Мектептегі мұғалімдер мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік іс – шаралар өткізілді. Рейд қорытындысы бойынша түрлі әлеуметтік себептермен оқуға қамтылмай қалған, 10 күннен 1 айға дейін сабақ жіберген оқушылар анықталған жоқ. Айлық барысында «Қайырымдылық-қадірлі іс» атты жәрмеңке 5, 6, 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді.Осы акцияға оқушылардың ата-аналарыда өз үлестерін қосты.Оқушылар қайырымдылық іс жасауды асыға күтіп,өз қолөнерлерімен жасалған бұйымдарында және тәтті бәліштерімен елді тамсандыра білді.


Жәрмеңкеден жиналған ақшаға 10 оқушыға мектепке қажетті кеңсе тауарлары және 4 оқушыға аяқ киім алып берілді.
[center]


Орындаған:
ТІЖ орынбасар: Г.М. Джуманбаева.
Әлеуметтік педагог: Ж.Е.Алимкулова


Жәрмеңкеден жиналған ақшаға 10 оқушыға мектепке қажетті кеңсе тауарлары және 4 оқушыға аяқ киім алып берілді.
[center]



Орындаған:
ТІЖ орынбасар: Г.М. Джуманбаева.
Әлеуметтік педагог: Ж.Е.Алимкулова