09
октябрь
2020
10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
10 қазан- Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай гимназия психологтары А.А Чигринец және Г.К. Мукашеваның ұйымдастыруымен , оқушылар арасында «Психологиялық денсаулықты калай сактау керек?» атты психологиялық тренингтер Zoom платформасы арқылы өткізді. Тренингтің мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынсқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларға адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсінуге, өз бойындағы жағымды қасиеттерін білу, психикалық денсаулықты сақтауға бағытталған жаттығулар жасалды.

