Наурыз 2021 » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
март
2021

Наурыз 2021

Жамбыл атындағы гимназияда наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Армысың, ару-нұр көктем!» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Зияткерлік» күніне орай 3"А" сынып жетекшісі Турсынова Гулмира Омаркуловна сынып сағатында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, жыр жаттау жарыстарын  ұйымдастырып өткізді.  Мақал-мәтел арқылы бала тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйдыруды, өткеннен сабақ алуға машықтанса,  жаңылтпаш жаттаған баланың тілі жаттығып, есте сақтау қабілеті артып, топтың алдында еркін сөйлейтін болады. Ал жұмбақ жасырып, оны табу немесе ойдан жұмбақ құрастыру арқылы жеткіншектің қиялы өсіп, табиғат тылсымдарын ой елегінен өткізуге дағдыланады. Қарап тұрсақ Зияткерлік күнін осындай аса бай мол мұрамызды пайдалану арқылы пайдалы әрі көңілді өткізуге болады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында халық ауыз әдебиетін жаңғыртып, жас жеткіншектерге рухани азық сыйлайық. Ұлық мереке баршаңызға құтты болсын!