07
November
2019
Внутришкольный семинар (осень 2019)
Гимназияның шығармашылық топ жетекшілері және мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізудегі критериалды бағалаудың маңыздылығы»тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға ұжым толығымен қатысты.Семинар-практикумде бастауыш сыныптың директордың оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары Сагымбекова Нұрдана Алимтайқызы «Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру» атты тақырыбында коучинг өткізді.Коучинг барысында мұғалімдер қызығушылық танытып, ынтымақтастықпен топтық жұмастарын жүргізді. Ары қарай бастауыш сынып мұғалімі Родина Лидия Артуровна геометрические фигуры «Периметр» тақырыбында шебер сабақ өткізді.Келесі ықшам сабағын дарынды балалармен «Ешкі сүтінің емдік қасиеті» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Гулмира Жеңісқызы өткізді, дарынды балалармен ғылыми жоба бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.География пәнінің мұғалімі Қадыр Нургул Жолдыбекқызы мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық «Lesson study- мұғалімінің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі» тақырыбында тәсіл туралы коучинг өткізді. Семинар-практикумге қатысқан мұғалімдер алғыстарын білдірді.
















































































