8 Наурыз (2020) » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
март
2020

8 Наурыз (2020)

Жамбыл атындағы гимназияда 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс шаралар ТІЖ орынбасары Устемирова Г.О., аға тәлімгер Көпбосынова А.М. ұйымдастыруымен өтті. «Барлық аналарға арналады» тақырыбында сурет көрме ұйымдастырылды. «Сұлу қыз –жан анам» тақырыбында  9-11 сынып оқушылары дөңгелек үстел өткізді. І-ауысым оқушылары 5-11 сынып ұлдары мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мектепке келген әр бір қызды және ұстаздарды күтіп алып, қошемет көрсетіп ізгі тілектерін білдірді.










Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке ,ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында сынып жетекшілер сынып сағатын өткізді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, 9 «Г» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Саленко Н.А. ұйымдатыруымен 6 наурыз күні «Әлемнің жарығын сйладың сен маған» атты концерт бағдарлама өткізілді. Концертік бағдарламаға мектепбіміздің өнерлі оқушылары қатысып, аналары мен ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп мерекемен құттықтады.