05
сентябрь
2019
Білім күні 2019
Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу,сезіну білімге деген құштарлығын арттыру,еліміздің білімді,тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ», Қазақстан-2050:бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға 1-11 сыныптардан жалпы 634оқушы қатысты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізіліп мемлекеттік әнұран шырқалды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып бүлдіршіндерін салтанатты жиынға кіргізу рәсімі болып өтті. Гимназия директоры Ахметова Эльмира Шакировна жиынды ашып берді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларына ақ жол тілеп,мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларына жаңа оқу жылымен құттықтады. Құттықтау сөз кезегі Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Г.Қ.Сабалақоваға сөз кезегі берілді. Барлық оқушыларға,мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта жақсы білім мен тәрбие алуға,еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.Ардагер ұстаздар және шаттыққа толы қуанышты күнге балдырғандарын жетектеп әкелген ата-аналар атынан ардагер ұстаз А.Шулугина, А.Северчукова және Т.Барахбаева да өзінің мерекелік лебізін жеткізді.Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп,өлең шумақтарын оқыды.Оларға мектеп бітіруші түлектер Рысбекова Анель бүлдіршіндерге арналған өз өлеңін оқыды. Қайыргелдин Диас білім іздеуде қанаттарының талмауын тіледі.
Орындаған ТІЖ орынбасары: Г.М.Джуманбаева





