01
сентябрь
2021
«Жамбыл атындағы гимназия» КММ 1 қыркүйек –Білім күні мерекесіне арналған «Кел балалар оқылық!.. » атты салтанатты жиынның Мәліметті

Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 1 қыркүйек –Білім күні мерекесіне арналған «Кел балалар оқылық!..», Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы – ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді. Көрнекті педагогтің мұралар мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады.
Қазақстан Республикасының, табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып бүлдіршіндерін салтанатты жиынға кіргізу рәсімі болып өтті. Гимназия директоры Ахметова Эльмира Шакировна жиынды ашып берді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларына ақ жол тілеп,мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларына жаңа оқу жылымен құттықтады. Құттықтау сөз кезегі Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Э.М. Наурызбаева сөз кезегі берілді. Барлық оқушыларға,мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта жақсы білім мен тәрбие алуға,еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.Ардагер ұстаздар және шаттыққа толы қуанышты күнге балдырғандарын жетектеп әкелген ата-аналар атынан ардагер ұстаз А.Шулугина, А.Северчукова және Т.Барахбаева да өзінің мерекелік лебізін жеткізді. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бірінші қыркүйек күні Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарын мектеп директоры Ахметова Э.Ш. табыстайды.
Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп,өлең шумақтарын оқыды. Білім күніне орай 2-11 сынып жетекшілері «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.