Наурыз 2021
Жамбыл атындағы гимназияда наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Армысың, ару-нұр көктем!» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Зияткерлік» күніне орай 3"А" сынып жетекшісі Турсынова Гулмира Омаркуловна сынып сағатында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, жыр жаттау жарыстарын ұйымдастырып өткізді. Мақал-мәтел арқылы бала тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйдыруды, өткеннен сабақ алуға машықтанса, жаңылтпаш жаттаған баланың тілі