22
ноябрь
2021
Аз қамтылған, жетім, қамқорлықтағы оқушыларға мемлекет тарапынан және демеушілік есебінен әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысының 1-тарау, 1-тармағына сәйкес Жамбыл атындағы гимназияда білім алатын төмендегі санаттағы балалардың ата-аналарынан түскен өтініштер бойынша жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тамыз айында аз қамтылған 20 отбасынан шыққан 37 білім алушыға мектеп формасын және кеңсе тауарларын алуға әр ата-ананың жеке шоттарына әрбір бала үшін 32000 (отыз екі мың) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Қаржылай көмек алған ата-аналар аталған қаржыға мектеп жасындағы балалары үшін мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алғаны бойынша мектеп әкімшілігіне (әлеуметтік педагогқа) өз есептерін ұсынды.
Ал қазіргі таңда 2021-2022 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан көп балалы, аз қамтылған 18 отбасынан шыққан 32 білім алушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Ұжымының демеушілігімен әр оқушыға 2000 теңгеден 5 оқушыға кеңсе тауарларын және 1 оқушыға 15 мың теңге көлеміндегі мектеп формасын яғни кастюм сым алып берді.

