Выборы президента гимназии 2019 » Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Выборы президента гимназии 2019
20
сентябрь
2019

Выборы президента гимназии 2019

       Қыркүйектің 16-18 күні гимназия президентін сайлау күні өтті. Шараға мектептің барлық мұғалімдері мен оқушылары белсене ат салысты.       
       Мектеп оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту, «Өзін-өзі басқару әліппесін» меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Сайлау парақшалары таратылды, өзін – өзі басқару ұйымының президентіне үміткерлер

• 11 «А» сынып оқушысы Рысбай Марғұлан .
• 11 «Г» сынып оқушысы Карагубенова Эльминура.
• 10 «А» сынып оқушысы Аманқұл Аружан.
• 10 «Г» сынып оқушысы Беликова Валерия.
• 9 «А» сынып оқушысы Қордабай Нұрсәт.
• 9 «Б» сынып оқушысы Жұмаділ Томирис.
• 9 «Г» сынып оқушысы Төлебай Айгерім және Алтай Сабина .

       Үміткерлерді сайлау мектепке кіре беріс дәлізге сайлау бұрышы жасалынып,сайлау жәшігі қойылды, комиссия мүшелері отырып келген оқушыларға сайлау парақшасын бір-біреуден беріп, оқушылар сайлау парақшасын белгілеп сайлау жәшігіне салып отырды. Әр-бір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Сайлау комиссиясы әр сыныптан бір-бір оқушыдан тағайындалып, сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады. Бірінші үміткер Рысбай Марғұлан 83 дауыс жинады. Екінші үміткер Карагубенова Эльминура 55 дауыс жинады. Үшінші үміткеріміз Аманқұл Аружан 29 дауыс жинады. Төртінші үміткеріміз Беликова Валерия 27 дауыс жинады. Бесінші үміткеріміз Қордабай Нұрсәт 44 дауыс жинады. Алтыншы үміткеріміз Жұмаділ Томирис 53 дауыс жинады. Жетінші үміткеріміз Төлебай Айгерім 6 дауыс жинады. Алтай Сабина 56 дауыс жинады. Қорытындылай келе гимназиямыздың президенті Рысбай Марғұлан сайланды, Ал қалған оқушылар мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Алтай Сабина болып сайланды, Ал қалған оқушылар комитет құрамына сайланды.

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019

Выборы президента гимназии 2019


Гимназия аға тәлімгері: А .Б. Алкеева